HALYQLINE.KZ 24-31 наурыз аралығында Алматы облысы, Талғар қаласында Ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасында ҚР чемпионаты болып өтті. Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен ең мықты шабандоздар қатысты.
Ұлттық ат спорты түрлерінің бірі – Көкпардан өткен ойында Қызылорда облысы командасы қарсыластарына дес бермей, ақтық сайысқа дейін жетті.
Алғашқы ойын Солтүстік Қазақстан облысымен өтіп, 6:0 есебімен аяқталса, екінші кездесу Ақмола облысымен 6:4 есебімен, Алматы қаласымен 7:1 есебімен аяқталды. Барлық ойында басымдық Сыр шабандоздарында болды. Ең тартысты ойын жартылай финалда Маңғыстау облысымен өтті. Мұнда да біздің жігіттер қайсарлық танытып, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ақтық сайыста Түркістан облысының шабондоздары басымдық білдіріп, біздің спортшылар 2-орын иеленді
Көкпар – жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Осы қасиеттердің барлығы біздің облыс құрамасының бойынан табылып-ақ тұр.
Барша шабандоздар №7 Жаңақорған ауданы спорт мектебінің спортшылары болды. Жетекшісі – Сламхан Боранбаев, жаттықтырушылары – Канат Абылбеков, Асылбек Ауезов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!