HALYQLINE.KZ Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздер күні. Рəміздерді құрметтеу – əрбір азаматтың басты парызы, əрі міндеті. Ту екі жағдайда көтеріледі. Елбасының басқа елге мемлекеттік сапарында жəне спортшылар жеңіске жеткенде.
Облыс спортшылары жыл басынан бері Əлем, Азия чемпионаттарында 15 жүлде алса, оның 10-ында Гимн шырқалып, Ту көтерілген. Сондай-ақ, облыста жыл басынан бері өткізілген 3 ҚР чемпионатында, 5 республикалық, 2 халықаралық жарыста ҚР-ның Туы көтеріліп, Гимні орындалды.
Сыр спортшылары алдағы уақытта республикалық, халықаралық жарыстарда намысты қолдан бермей, Көк туымызды көкте желбіретіп, еліміздің мерейін үстем ететініне сенеміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!