Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Илья Ильин чемпион атанып, еліміздің әнұранын шырқатты.
Ол 102 келі салмақта сынға түсіп, жұлқа көтеру – 160, серпе көтеру 195 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 355 келіні бағындырды.
Ол Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұпай жинайтын жарыстарға кезеңімен қатысуда.
Енді сəуір айында Нұр-Сұлтан қаласында ауыр атлетикадан өтетін Азия чемпионатына Илья Ильин бастаған Сыр спортшылары Евгений Ломанов, Рүстем Сыбай, Рахат Бекболат жəне Айсамал Сансызбаева қатысады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!