Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ХОК: «Токио Олимпиадасы пандемияға қарамастан өтеді»

07.09.2020, 18:00 308

HALYQLINE.KZ  2021 жылы Токиодағы олимпиада ойындары коронавирус жағдайына қарамастан өтеді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс мәлімдеді, – деп хабарлайды  CNA сайты.

«Олимпиада COVID-19 вирусына қарамастан өтеді. Ойындар алдағы жылдың 23 шілдесінен басталады», – деді Джон Коутс.

Сондай-ақ, ол Токио олимпиадасының тақырыбы 2011 жылы Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі мен цунами екенін ескере отырып, «жойқын цунамиден кейінгі жаңғыру» болуы керек екенін айтты. Бірақ Джон Коутс әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты тақырып өзгеретінін жеткізді.

«Бұл коронавирусты жеңген ойындар болады», – деді вице-президент.

Айта кетейік, биыл жазғы олимпиада ойындары 24 шілде – 9 тамыз аралығында Токиода өтуі керек еді. Алайда әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты дүбірлі доданың уақыты шегерілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: