Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды.
Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның «Легиясын», Ресей құрамасын және Мажарстанның «Ференцварошын» басқарды.
Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:
— Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)
— Польша чемпионы (2015/16)
— Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)
— 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)
— Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)
— Мажарстан кубогының иегері (2021/22)
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!