HALYQLINE.KZ 14 желтоқсанда Франция құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz .
Матчтан кейін екі команданың Франциядағы жанкүйерлері көшеге шығып, тәртіпсіздік ұйымдастырды. Шетелдік БАҚ хабарлағандай, Ниццада, Парижде және Монпельеде, сондай-ақ Брюссельде (Бельгия) жанкүйерлер арасында жанжал болды.
RMC Sport басылымы Парижде жанжалға қатысқан 101 адам ұсталғанын хабарлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!