Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Фин жанкүйерлері стадионды өртеп жіберді (ВИДЕО)

12.12.2025, 9:40 50

HALYQLINE.KZ

Оған команданың Жоғары лигадан шығуы себеп болған, деп жазады penalty.kz.

Финляндиялық «Хака» клубының жанкүйерлері командасының Жоғары лигадан шығып қалуына ашуланып, стадионда өрт шығарды.

Полиция мәліметінше, оқиға орнында 15 жасқа толмаған үш жасөспірім ұсталған. Олардың біреуі белгісіз бір затты әдейі өртегенін мойындаған. Дәл сол заттың стадионда өрттің басталуына себеп болуы мүмкін. 

ӨРТ 400 ОРЫНДЫҚ ТРИБУНАНЫ КҮЛГЕ АЙНАЛДЫРДЫ

Жалын ағаштан жасалған 400 орындық трибунаны толықтай жойып жіберді. Стадион жалпы 3000-нан астам көрерменге арналған.

Өрт сондай-ақ жасанды газонның бір бөлігін зақымдап, кейбір учаскесін ойын өткізуге жарамсыз күйге түсірді.

Оқиғадан кейін «Хака» клубының басшылығы және Валькеакоски муниципалитеті стадионды қалпына келтіру жоспарын іске қосты.

Жақын күндері мамандар:

  • зиян келген бөліктерді толық бағалайды,
  • қандай конструкцияларды бұзу қажет екенін анықтайды,
  • бүлінген газонды тазалау және жөндеу жұмыстарына кіріседі.

Ғани  ТҰРҒЫМБЕКОВ,

сарапшы, спорт журналисі

Фото: cdn.sportsdaily.prod.plat.agency

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: