Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елдос Сметовтің Парижде жүлде алуы екіталай ма?

28.05.2024, 16:55 209

Жақында БАӘ астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан ересектер арасындағы ХХХVII әлем чемпионаты аяқталды.

Жарыстың бірінші күні Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола медаль алды. Сондай-ақ, тәжірбиелі спортшымыз Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов (60 кг) бесінші орынға ие болды. ӘЧ-да Сметов нейтрал атлет Аяб Блиевтен және қола медаль үшін күресте Тайки Накамуродан (Жапония) жеңілді. Сметовті жеңген А.Блиев олимпиадалық рейтингте 23-орында (2667 ұпай), Т.Накамуро болса 37-орында (1550 ұпай) екен.

Соңғы кездері Сметов Жапония және Ресей спортшыларына есе жіберетін болған. Он бес күн бұрын Астанада өткен Grand Slam-2024 турнирінде Сметовті нейтрал атлет Рамазан Абдуллаев тоқтатты. Сегіз жыл бұрын Сметов Рио олимпиаданың финалында Беслан Мудрановтан жеңіліп алтынсыз, ал Токиода Наохисо Такатода жеңіліп финалға шыға алмай үшінші орын алды.

Жалпы, Сметов Париж олимпиадасына барса Р.Абдуллаев (Ресей) пен Нагаяма Рюдзюмен (Жапония) кездеспесе жүлде алуы мүмкін. Бірақ рейтингте үздік 20-лықта тұрған қарсыластары Тайпэй, Испания, Франция, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Грузия, Түркия, Украина, Моңғолия және Өзбекстан спортшылары да оңай қарсылас емес.

Сметов соңғы екі әлем чемпионатында Доха-2023, Әбу-Даби-2024 жүлде ала алмай қалды.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: