HALYQLINE.KZ Трансфер науқанының соңғы күнінде қасқырлар Қазақстан жастар құрамысының ойыншысын қатарға қосты. 20 жастағы Дінмұхамед Қашкен бірер жыл Мадридтің «Атлетико» академиясында жаттығып, 2016 жылы «Астананың» қосалқы құрамы және 2018 жылы «Жетісу-Б» клубы сапында өнер көрсетті.
Былтыр Испанияның жастар лигасындағы «Касабланканың» және маусымның алғашқы бөлігінде елордалық «Астананың» намысын қорғады. Димаш, «қасқырламен» жыл соңына дейін бірге болмақ!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!