Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дастан Сәтпаев «Дарын» сыйлығын алды

10.04.2026, 8:30 27

HALYQLINE.KZ

Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Танымал қазақстандық спортшы 2025 жылғы сыйлықтың «Спорт» номинациясы бойынша лауреаты атанды.

Матчтарға қатысуына байланысты Дастан Сәтпаев 2025 жылғы 26 қарашада өткен «Дарын» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыса алмаған болатын.

«Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, саламатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Президентіміз айтқандай, кез келген еңбек қадірлі әрі ел игілігіне қызмет етеді. Спорт — салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады. Жетістіктеріңіз жастарға үлгі болып, бұл марапат сізді жаңа белестерге жетелей берсін», — деді Аида Балаева.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: