Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәстүрлі турнир басталды

24.09.2025, 17:20 141

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданында Мемлекет жəне қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан 2012-2013 жылғы туған жасөспірімдер арасында ХXVI Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы Шермағанбет салтанатты түрде іс-шараны ашып, облыс әкімі Н.Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаторы қызметін атқарған, қазіргі уақытта техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының инженерлік академиясының академигі, Оңтүстік аймақ бойынша вице-Президенті Куртаев Әлімжан Сейтжанұлы, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің орталық кеңесінің мүшесі, «Қызыл жұдыз» орденінің иегері, «Қарулы күштеріне» еңбегі сіңген үшін III дәрежелі орденінің иегері, генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сырдария ауданының құрметті азаматы Келдібаев Мұса Алпысбайұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сəттілік тіледі.

Жиырма алтыншы мəрте ұйымдастырылған турнирге Өзбекстан мемлекетінен жəне еліміздің əр өңірінен 20 команда, 400-ге жуық спортшы қатысуда.

Айта кету керек, халықаралық жарыстың жеңімпаздары мен үздік ойыншылары 26 қыркүйек күні белгілі болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: