Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дәрігердің қателігі»: Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына жорамал жасалды

25.02.2026, 18:09 26

Кәсіпқой боксшының менеджері Эгис Климастың сөзінше, мельдоний «Қазақ стилінің» ағзасына ем қабылдау барысында түскен.

Ол бұл туралы америкалық журналист Стив Кимге берген сұхбатында айтқан.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы құрамында тыйым салынған препарат бар дәріні 2025 жылдың мамыр айында медициналық мақсатта қолданған болуы мүмкін.
Климастың дерегінше, Жәнібек Әлімханұлы 7 мамыр күні бас ауруы, жүрек айну, құсу, бас айналу және өзге де белгілерге байланысты Астана қаласындағы клиникалардың біріне жүгінген.

Дәрігерлер спортшыға құрамында мельдоний бар «Рипронат» препаратын тағайындаған. Ресми есепке сай, препарат аурудың өткір сипатына байланысты көктамыр арқылы енгізілген.

Эгис Климас мельдонийдің ағзада ұзақ уақыт болатынын айтады.

– Біздің білуімізше, мельдоний адам ағзасында 9 айға дейін сақталады. Ем қабылдаған кезде Жәнібектің жекпе-жектері жоспарда болған жоқ және ол Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) тексерісінен өтпеген. Дәрігерлер Қазақстанда рецептсіз берілетін, заңды дәрі-дәрмектерді қолданған, – деп нақтылай түсті менеджер.

Десе де, 2025 жылдың желтоқсан айында алынған допинг-сынама нәтижесінде «Қазақ стилінің» ағзасынан тыйым салынған зат анықталды.

Фото: Theranking

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: