Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Чемпион, кілтті ұста”

15.02.2026, 12:09 44

Қазақстандық спортшы, қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровқа жеңісі үшін Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Құрылыс компаниясының мәлімдегендей, пәтер Есіл өзенінің жағалауындағы New City Life тұрғын үй кешенінде орналасқан. Алайда компания өкілдері спортшымен әлі байланыса алмай, қуанышты жаңалықты жеке жеткізе алмаған.

Компания өкілдерінің айтуынша, отандық спорт тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алынған алғашқы алтын медаль – аса зор жетістік.

Біз Михаил Шайдоровпен жеке байланысып, оны құттықтап, Ulytau Group атынан үш бөлмелі пәтерді табыстағымыз келеді, бірақ әзірге оған хабарласа алмай отырмыз. Егер сіздер оның байланыс нөмірін білсеңіздер немесе осы хабарды жеткізе алсаңыздар, көмектесулеріңізді сұраймыз. Бұл қуанышты жаңалықты чемпионмен бөліскіміз келеді, – деп жазды компания өкілдері.

Еске салайық, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтап, оған темір тұлпар сыйлайтынын айтты. Ал inDriver компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Михаилдің әкесіне Audi Q8 маркалы автокөлік сыйлаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: