Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/16 кезеңінде Сағындық Тоғамбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, 1/8 кезеңге жолдама алды. 86 кг салмақта өнер көрсететін жастар арасындағы әлем біріншілігінің 3 дүркін жеңімпазының ендігі қарсыласы – өзбек боксшысы Шохжахон Абдуллаев.
63,5 келіде бокстасатын Саматәлі Төлтаев 1/32 финалда Израиль өкілі Ахмад Штивимен жұдырықтасып, қарсыласынан үздік шықты.
Кеше 60 келідегі Талғат Сырымбетов Сакда Руамтхамды жолда қалдырса, – 92 келідегі Айбек Оралбай Радослав Панталеевтың осал тұсын тапқан еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!