Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бізге Ресейдің 4-5 нөмірлі балуандары не үшін керек?

01.11.2024, 14:40 403

Бір ай бұрын Қазақстан күрес федерациясының басшылары/өкілдері фейсбукта спорт журналисі Аслан Қаженовке ақпараттық шабуыл жасып еді. Ұмытсаңыздар айтып берейін. Кавказдан келген Мұрат Жақыпов жайлы күрес жанкүйерлер білетін шығар! Сол кезде кәрісі де, жасы да А.Қаженовке әртүрлі әңгіме айтқан еді.

Еркін күресте Қазақстаннан 74 келіде қатысқан Кавказдан келген қазақ баласы Мұрат Жақыпов Албания астанасы Тиранада U-23 дейінгі әлем чемпионатының алғашқы белдесуінде Митчел Мезенбринктен (Америка) жеңіліп қалды. Оның орнына Атыраулық балуан Нұрдәулет Сейілбеков қатысқанда Қазақ еліне бір жүлде алып беретін еді.

Енді өсіп келе жатқан қазақ баласының сағын сындырамыз, содан соң жүлде жоқ деп отырғанымыз. Журналистердің сұрағына жауап бере алмай. Қазақ балалары күресе алмайды деп, шетелден легионер әкеліп үй, көлік беріп жағдайын жасаймыз.

Токио мен Париж олимпиадасына қатысқан Юсуп Батырмурзаевқа федерация екі бөлмелі үйді неге берді? Ю.Батырмурзаев Токио мен Париж олимпиадасында 12-орын алғаны үшін берді ме? Олай болса, үй-күйі жоқ қазақ балдары Юсуп секілді олимпиададан орын алмаса да күреседі. Екі бөлмелі үй алып 10-15 жыл кредит төлеп жүргеннен, олимпиадаға барып, Юсуп сияқты тегін екі бөлмелі үй алғаны жақсы емес пе?

Кавказдан келген М.Жақыповтарың әлем чемпионатының бірінші белдесуінде ұтылды. Енді неге үнсіз отырсыздар?

Жалпы біздің елге Ресейдің 4-5-6-7 нөмірлі балуандары не үшін қажет? Керек емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жамарт Тоқаев жақында шетелден легионер шақырмаңдар деп айтты. Енді Еліміздің күрес федерациясының басшысы Дәулет Тұрлыханов кімді шақырар екен? Әлде шетелде күреспен айналысқан қазақтарды іздеп елге әкеле ме? Уақыт көрсетеді. Көрейік.

Айбек МҰХАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: