Қазақстандық бала футбол карточкаларын ашып, «Қайрат» ойыншылары жоқ екенін көріп жылады. Ол Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбековті іздеген, деп жазады penalty.kz.
БЕЙНЕЖАЗБА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ТАРАДЫ
Instagram қолданушысы Назым Тілебалдина ұлының реакциясын жариялаған. Кадрдан баланың пакеттегі карточкаларды қарап шығып, таныс қазақстандық футболшыларды көрмеген соң жылап жібергені байқалады.
Бейнежазбадағы диалогтың мәні мынадай:
— Әлі жылап отырсың ба? Не болды?
— Мұнда «Қайраттың» бірде-бір ойыншысы жоқ. Дастан Сәтпаев та жоқ, Анарбеков те жоқ… ешкім жоқ.
— Қарашы, ойыншылар көп қой.
— Маған бәрібір…
— Месси бар, Роналду бар.
— Олар қазақ емес қой. Оның үстіне, маған Месси де онша ұнамайды. Бірде-бір қазақ жоқ…
АНАСЫНЫҢ ЖАЗБАСЫ: «БҰЛ – ЖАЙ ОЙЫН ЕМЕС»
Назым Тілебалдина жазба сипаттамасында баласының футболды қатты жақсы көретінін, карточка жинайтынын атап өткен. Айтуынша, ұлы әр пакетшені ашқанда бір ғана үмітпен қарайды: Қазақстаннан бір ойыншы шықса екен дейді. Бірақ жүзден аса карточка жиналса да, ішінде өз елінің футболшысы кездеспеген.
Сұлтан ДАНИЯР,
сарапшы, спорт журналисі
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!