Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бауыржан Исламхан «Қайсар» футбол клубына ауысуы мүмкін

05.02.2025, 12:15 43

HALYQLINE.KZ

Шымкенттік «Ордабасы» 31 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның кеткенін хабарлады.

Исламхан «Тараздың» түлегі. Кәсіби мансабын 2011 жылы бастады. «Тараз», ресейлік «Кубань», «Астана», «Қайрат», БАӘ «Аль-Айн» клубтарында ойнап, Қазақстанға оралғаннан кейін «Ордабасымен» келісім-шартқа отырды.

Ол «Ордабасы» сапында барлығы 41 кездесу өткізіп, 3 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, шымкенттік клуб сапында Исламхан 2023 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Ал, Қазақстан құрамасы сапында 56 матч өткізіп, 4 гол соққан.

Айта кетейік, 2024 жылдың 16 желтоқсанында Бауыржан отбасымен бірге жол апатына түскен. Жол-көлік апаты кезінде футболшы жарақат алған. Соның салдарынан Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына бара алмай отыр. Бізге келіп жеткен ақпараттар бойынша енді Бауыржан Исламхан «Қайсар» сапына ауысады. Біршама инсайдерлер телеграм арналарда Бауыржан Исламхан қызылордалық командаға ауысады деп жазып жатыр.

Ал, «Ақтөбе» спорт директоры Сергей Дороненко Исламхан жайлы былай дейді:

«Бауыржан Исламхан Қазақстандағы ең талантты ойыншы. Ол кезінде біздің Ресейдегі «Кубань» командасында  болған. Бірақ, ол кезде Исламхан тым жас еді. Біздің командада бәсекелестік жоғары болды. Сол кезде оның аса талантты екенін байқадық», – деп Сергей Дороненко сұхбат берді .

Сондықтан осы сөздерден кейін Исламханды «Ақтөбе» сапынан көріп жатсақ таң қалмаймыз.

 Ермұхамед  МӘУЛЕН.

inbusiness.kz.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: