Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Барселона» – Испания суперкубогының жеңімпазы

12.01.2026, 8:30 27

HALYQLINE.KZ

Сауд Арабиясының Джидда қаласында Испания суперкубогының финалы өтіп, алаңға мәңгілік қарсыластар – «Барселона» мен «Реал» шықты, деп жазады penalty.kz.

Көрермен күткен үлкен матч 3:2 есебімен «Барселонаның» жеңісімен аяқталды. Кездесу, әсіресе, алғашқы таймда ерекше қарқын алды. 

Алғашқы 45 минутта жалпы төрт гол соғылды. Оның үшеуі қосымша уақытта соғылып, ойынға айрықша интрига қосты.

«Барселона» сапынан Рафинья (36’) және Роберт Левандовски (45+4) мергендік танытты. Ал «Реал» құрамынан Винисиус Жуниор (45+2) мен Гонсало Гарсия (45+6) жауап берді.

Үзілістен кейін ойын сабасына түскендей көрінгенімен, 73-минутта Рафинья екінші голын соғып, «Барселонаны» алға шығарды. Матч соңында каталондықтардың капитаны Френки де Йонг алаңнан қуылды.

Осы жеңістің арқасында «Барселона» Испания суперкубогын 16-шы рет иеленіп, турнирдің абсолют рекордын жаңартты.

Сұлтан  ДАНИЯР,

сарапшы, спорт журналисі

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: