Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бала барыстар арасындағы бәсеке басталды

08.10.2024, 13:37 121

Қала күні мерекесі аясында бүгін «Бала барыс-2024» байрақты бәсекесі басталды.

2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы «Бала барыс – 2024» қалалық ашық біріншілігінің ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев арнайы қатысып, боз кілемде сынға түсетін сайыпқыран жас палуандарға сәттілік тіледі.

Дәстүрлі дода биыл 3-ші мәрте өткізілуде. Турнирге облысымыздың аудандарынан және қаладан күштеріне әдістері сай, ақыл мен айлаға бай мықты 32 жасөспірім жиналып отыр.

Жас спортшылардың арасынан мықты палуан ғана 2024 жылғы «Бала барыс» атағын иеленетін болады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: