Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бәрекелді,  Бейбарыс!

22.01.2026, 15:05 56

HALYQLINE.KZ

Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды.

Соңғы деректерге қарағанда, тоғызқұмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Осындай ұлттық өнерді ғылымдармен ұштастырып жүрген мектебіміздің 7-сынып оқушысы Бейбарыс Мұратұлы тоғызқұмалақтан Қызылорда облысы бойынша ересектер мен жастар арасындағы облыстық чемпионатында жүлделі 3-орын иеленді.

Жетекшілік жасап, тоғызқұмалақтың қыр-сырын меңгертіп, үйретіп жүрген №85 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғаімі Мұрат Советұлының еңбегі өте зор. Жетекшісінің баптауымен әлі де талай ойынға қатысатындығын айтып, оқушымыз өз қуанышымен бөлісті. «Болар баланың бетін қақпа, белін бу» деп бекер айтпаса керек-ті. Мектебіміздің намысын қорғап жүрген Бейбарысқа алдағы уақыттарда да үлкен жетістіктер тілейміз!

Лаззат КАБАРОВА,

№85 мектептің педагог-тәлімгері

Төретам  кенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: