Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азия чемпионаты: Дзюдодан қызылордалық спортшылар жеңіспен оралды

15.09.2025, 10:20 165

HALYQLINE.KZ

Индонезия мемлекеті Джакарта қаласынан қуанышты жаңалық! Индонезия астанасы Джакарта қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында сырбойылық спортшыларымыз қос қола жүлдені қанжығаға байлап, үлкен жетістікке қол жеткізді.

Бұл өз кезегінде жеті жыл көлемінде табандылық танытып, тынымсыз еңбек еткен спортшылар мен салаға көрсетілген ерекше қолдаудың үлкен жемісі болды.

Жарыс нәтижесі бойынша:

+100 кг салмақ дәрежесінде Сұлтан Бейбарыс — ІІІ орын

+78 кг салмақ дәрежесінде Көркем Бақытбек — ІІІ орын

Айта кетейік, дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатына 20 елден барлығы 200-ге жуық спортшы қатысуда.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: