Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азия чемпионаты: Бокстан Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

22.11.2024, 9:45 48

Құрамда жақында ғана жастар арасындағы Әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырхан жоқ.

Дүбірлі дода 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

Таиландта өтетін бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның намысын кімдер қорғайтыны хабарланды.

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов команда құрамында Төрехан Сабырханның болмауына орай пікір білдірген.

«2006 жылғы боксшылар халықаралық бокс ережесіне сәйкес, ересектер арасындағы бәсекеге тек келесі жылы ғана қатыса алады. Алайда біз Черногориядан жүлделі қайтқан, спорт шебері атағын алған жас спортшыларға Қарағандыдағы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысуға мүмкіндік бердік», – дейді ол.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бокстан Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чиангмайда (Таиланд) ұйымдастырылады.

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын боксшылар белгілі болды.

Олар:

48 келі – Санжар Тәшкенбай;

51 келі – Сәкен Бибосынов;

54 келі – Махмұд Сабырхан;

57 келі – Оразбек Асылқұлов;

60 келі – Бейбарыс Жексен;

63,5 келі – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;

67 келі – Дулат Бекбаков;

71 келі – Абылайхан Жүсіпов;

75 келі – Диас Молжігітов;

80 келі – Ерасыл Жақпеков;

86 келі – Бекзад Нұрдәулетов;

92 келі – Сағындық Тоғамбай;

+92 келі – Айбек Оралбай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: