HALYQLINE.KZ «Евразия» спорт кешенінде 7 күн қатарынан өткен Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жекелей-командалық ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті.
Айта кетейік бұл чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда, 220-ға жуық спортшы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша Сыр өңірі жалпы командалық есеп бойынша әйелдер арасында 2 және ерлер арасында 3 орынға ие болды.
Жекелей сын бойынша Айзада Мүптілдә Қызылорда қоржынына алтын алып келсе, қалған зілтеміршілеріміз 5 күміс, 3 қола медаль иеленді. Атап айтар болсақ:
Ерлер арасында:
61 кг Төлеген Азамат 2-орын
67 кг Сәулебеков Ерасыл 2-орын
73 кг Айтбай Бексұлтан 3-орын
Әйелдер арасында:
+87 кг Мүптілдә Айзада 1-орын
81 кг Қыпшақбай Динара 2-орын
81 кг Дөненбаева Асылзат 3-орын
89 кг Бектай Асылжан 2-орын
59 кг Тәңірбергенова Алтынай 2-орын
49 кг Қыпшақбай Салтанат 3-орын
Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Сыр спорты жасай берсін!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!