Асхат ТАҒЫБЕРЕН,
«Қайсар» футбол клубының капитаны:
– «Қайсармен» бірге Еуропа лигасында ойнауды армандадық. Сол арманға жетіп, туған қаламыздың абыройы үшін Еуропа лигасында аянып қалмаспыз. Біздің болжамды қарсыластар белгілі болған кезде «Апоэлдің» түскенін қаладық. Өйткені, «Орхус» пен «Лехке» қарағанда бізге қолайлысы кипрлік команда еді. Қарсыласымыз осал емес. Еуропа лигасының биылғы жеңімпазы «Севильяны» жеңген жалғыз команда. Сондықтан кездесу оңай болмасы анық. Дегенмен ұжымдық ойын көрсетіп, келер кезеңге өтудің жолын қарастырамыз.
«Қайсар» футбол клубының ресми парақшасынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!