HALYQLINE.KZ Журналист Жарқын Түсіпбек Facebook желісіндегі парақшасында спорт комментаторы Аманкелді Сейітхановтың эфирдегі түрлі сөзін еске алды.
«Сен туғанда шешең бекер қалжа жемеген екен…» (қазақ спортшысы жеңіске жеткенде)
«Дель Пьеро мен Тотти шықпай Италияның қалақшасы қар бұзбайды, бұны біз емес әккі маман Ариго Сакки айтыпты…» (2000 жылғы ЕУРО финалында)
«Бір голдың болатыны сөзсіз бүгін, дәл қай минутта екенін айта алмаймын» (1998 жылғы ӘЧ финалында)
«Допты ұршықша үйірген Зидан…»
«Ан мықты ма, Кан мықты ма?» (Оңтүстік Корея мен Германия матчінде)
«Капитан, ақылгөй – Дидье Дешам»
«Барысша атылып, кенеше жабысты» (қақпашылардың шеберлігіне)
«Былай қарасаң екі қол, екі аяқ біздің де футболшыларда бар иә?..» (күйінгенде).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!