Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ала тақиялы ағайындардың бәсі бізден биіктеу екенін мойындауға тиіспіз

31.03.2025, 15:15 131

HALYQLINE.KZ

Несін айтасыз, бүгінде өзбек футболы өрлеп тұр. Сәтін салса, ұлттық құрамасы алдағы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін. Аяқ доптың арыстанына айналудың аз-ақ алдындағы Құсанов пен Шамуродов Еуропа алаңдарында атойлап, елінің даңқын асырып жүр. Ресей премьер-лигасындағы өзбекстандық өрендерді саусақ бүгіп, санамай-ақ қояйық. Бұл, әрине, кездейсоқ құбылыс емес. Кезінде КСРО біріншілігінде Ташкенттің «Пахтакоры» екі рет алтыншы орыннан көрінген. Ал Алматының «Қайраты» бір-ақ рет жетінші сатыға жайғасқан. Ақберен шабуылшы Берадор Абдурайымов 1968 жылы 22 гол соғып, Одақтың ең мерген ойыншы атағын тблисилік Гиви Гавашелимен бөлісті. Мұндай бақ қайраттықтардың маңдайына бұйырмады. Тәуелсіздіктен кейін Өзбекстан Азия ойындарының жеңімпазы болғанын да атап өткеніміз орынды. Ашығын айтқанда, ала тақиялы ағайындардың бәсі бізден биіктеу екенін мойындауға тиіспіз. Ендеше, қазекемнің намысқа қамшы басатын кезі келген сияқты.

Талғат  БАТЫРХАН.

«Egemen Qazaqstan» газетінен.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: