Тбилисидегі дзюдодан өтіп жатқан «Grand Slam» жарысының екінші күнінде 81 келі салмақта Абылайхан Жұбаназар күміс жүлдегер атанды.
Абылайхан алғашқы белдесуінде Канада балуаны Элнахасты иппонмен жеңді. Екінші айналымда Польша балуанын 2 ваза аримен қапы қалдырды. Ширек финалда молдавалық Виктор Стерпудің жауырынын жерге қадады. Жартылай финалда жарыс қожайынымен белдесіп, негізгі уақытта екеуі де бір-бір ваза ари алды. Голден скорда Абылайхан қарсыласын жанкүйерлерінің алдында иппонмен жеңіп финалға шықты. Финалда Аустрияның намысын қорғайтын гүржі балуаны Вахид Борчашвилиден голден скорда ваза ари ұпайымен жеңіліп, турнирдің күміс жүлдесін еншіледі.
Екінші күн қатарынан Сыр балуандарынан сүйінші жаңалықтар келуде. Сыр спорты жасай берсін! Күміс жүлде құтты болсын!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!