Қазақстанның даңқты дзюдошысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев IJF Contenintal дәрежесіндегі төреші атағына ие болды. Осылайша ол өзі қатысып жүлде алған байрақты бәсекеде қазылық жасайтын болды.
Бұл хабар Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мамандарының қатысуымен құрлықтық және халықаралық дәрежедегі төрешілерге арналған семинар-емтиханда белгілі болды, деп хабарлайды дзю-до федерациясының баспасөз қызметі.
Семинардың алғашқы күндерінде теориялық бөлімді тәмәмдаған төрешілер, жазбаша және ауызша кезеңдерден тұратын емтихан тапсырған. Ал практикалық бөлімін Алматыда өтіп жатқан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогінің жарыс алаңында төрелік етіп, тапсырды.
Нәтижесінде 19 төреші IJF Contenintal және 21 төреші International дәрежелерін алып, растайтын сертификаттармен марапатталды. Семинарға барлығы 18 елден 42 рефери қатысқан.
Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) дзюдошыларының жаңартылған тізімінде ең жоғарғы көрсектішке Әзизә Әбужақынова (5) мен Мағжан Шамшадин (15) ие.
Назарларыңызға қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі топ-50, яғни үздіктер қатарына енгендерін ұсынамыз :
Ерлер:
– 60 кг
Мағжан Шамшадин – 15 орын (2773 ұпай)
Елдос Сметов – 23 орын (1929)
Бауыржан Нарбаев – 34 орын (1438)
Нұрқанат Серікбаев – 36 орын (1322)
Шерзод Давлатов – 49 орын (855)
– 66 кг
Ғұсман Қырғызбаев – 24 орын (2010)
Есет Қуанов – 42 орын (1114)
– 73 кг
Данияр Шамшаев – 15 орын (2746)
Жансай Смағұлов – 21 орын (2060)
–81 кг
Абылайхан Жұбаназар – 22 орын (2105)
–90 кг
Дидар Хамза – 24 орын (1920)
–100 кг
Нұрлыхан Шархан – 24 орын (2115)
–100 кг
Әділ Оразбаев – 41 орын (1081)
Ғалымжан Қырықбай – 49 орын (780)
Әйелдер
– 48 кг
Абиба Абужақынова – 5 орын (4183)
Ғалия Тынбаева – 39 орын (1236)
– 57 кг
Севара Нышанбаева – 33 орын (1317)
–78 кг
Аруна Жангелдина – 32 орын (1120)
+78 кг
Камила Берликаш – 19 орын (2544)
Назгүл Маратова – 39 орын (831)
halyqline.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!