Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл басынан бері 127,7 млрд теңге инвестиция тартылды

12.07.2022, 10:30 464

HALYQLINE.KZ Биыл облысқа 373,5 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығында құны 654 млрд теңгенің 46 жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл жобалар жүзеге асқан кезде 7,4 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 17-ші сессиясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

Жалпы Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске қосылған жобалармен шығарылған өнім көлемі бүгінде 22 млрд. теңгені құрап,18,2% артты. Биылдың өзінде 9 млрд.теңгеге 258 жұмыс орны құрылатын
5 жобаның іске асырылуы жоспарлануда.

Аймақ басшысы өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғандаоблыстың экономикалық дамуында оң тенденция бар екенін атап өтті. Нақтылап айтқанда, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 1,5% (30,3 млрд теңге), инвестициялар тарту – 17,1% (127,7 млрд теңге), құрылыс жұмыстары – 27,4% (33,8 млрд.теңге), пайдалануға берілген тұрғын үйлер – 4,9% (312,2 мың шаршы метр) және сауда 1,8% (273 млрд теңге) артқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: