Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жұмыспен қамту жол картасы» жүзеге асыру мәселелері сараланды

24.11.2021, 17:40 364

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының орындалуы мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды саралады. Аймақ басшысына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жүзеге асырылған инфрақұрылымдық жобалар мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын баяндады.

Жол картасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға ағымдағы жылы 3,7 млрд теңге, оның ішінде ҚР Ұлттық қоры есебінен – 2,5 млрд теңге, мемлекеттік бағалы қағаздар (облигациялар) бойынша 2020 жылғы үнемделген қаражат есебінен – 1,2 млрд теңге көзделген. Биылғы жылдың 8 қарашасындағы ведомствоаралық комиссияның хаттамасына сәйкес қаражатты қайта бөлу есебінен жобалар саны 9-дан 18 жобаға дейін ұлғайды. Аталған жобалар аясында 454 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, басқарма басшысы «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жобаларын шағын несиелендіру мақсатында облыс үшін 1 млрд теңге сомасында бюджеттік несие бөлінгенін мәлімдеді. Осы жылы облыс бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 2793 адам өтті. Бүгінгі күні несие алуға 158 өтінім келіп түсті, оның ішінде жалпы құны 60,3 млн теңгені құрайтын 16 жоба қаржыландырылды. Қалған жобалар қарау және пысықтау сатысында.

Өңірдегі жұмыспен қамту барысын саралаған облыс әкімі басқарма басшысына жоспарланған іс-шараларды мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: