Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмыс тиімділігін арттыру жайлы талқыланды

22.01.2020, 17:18 541

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының жер кадастры басқарма басшысының орынбасары қызметіне жуырда тағайындалған Гүлмира Кәрібайқызы басқарма қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ұжымдық жиын өткізді.

Жиын барысында жаңадан бекітілген ұжымдық шарт және «SANA» корпоративті мәдениеті мен алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыс жоспары жайы талқыланды.

Сондай-ақ, жиын соңында жер кадастры саласындағы өзекті мәселелер мен жыл бойы атқарылған көрсеткіштерді қорытындылап, алдағы уақытта үздік тәжірибелерді енгізу бойынша пікір алмасты.

Айта кету керек, жер кадастрын жүргізуі жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен жүзеге асырылады. Бүгінде мемлекеттік корпорация қызметінің басты бағыттарының бірі жер кадастры саласы үш жыл ішінде бағыты бойынша қызметтерін оңтайландырудан өткізді.

Қазіргі таңда филиалмен жер кадастры саласында қызметтерді көрсету бойынша ешқандай іркілусіз жұмыс жасауына, қызмет сапасын арттыруға нақты іс-шаралар атқарылуда. Алдағы уақытта қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жасалынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: