Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүктелген міндет көп

09.09.2022, 16:51 879

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың қыркүйек айында жарияланған Жолдауынан Жаңа экономикалық саясат, Нақты секторды дамыту, Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Заң және тәртіп бағыты бойынша қысқа-нұсқа: 

– байларға салық салынады: қымбат үй алғанда, қымбат көлік алғанда;

 – көліктік утиль алым мен бірінші реттік тіркеу құны 200-250 мың теңгеден аспайды;

– мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі жасалады;

– жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды. Кәсіп жасаймын дегендерге жер беру керек. Бос жатқан жерлерді мақсатқа сай пайдалану керек. Жылдың соңына дейін 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарлануда;

– инвестиция тарту жүйесін жетілдіру керек;

 – 2025 жылы жолдардың 95%-ы жақсару керек;

– мемлекет қаржысын оңды-солды шашуға жол берілмейді;

– медициналық сақтандыру жүйесін қайта қарау керек;

– аудандық 32 аурухана толығымен модернизациядан өтеді. Резидентура гранттары 70%-ға артады;

– бала-бақшадағы тәрбиешілер жалақысын көтеру керек. Олар аттестациядан өтеді;

 -2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады;

– сұраныс қай тілде болады, сол тілде мектептер болады;

– әйелдердің зейнет жасы – 61 жас (2028 жылға дейін осы жас қалады);

– елдегі минималды айлық -70000 болады;

– 100 мың жасқа жұмыс. Олар кәсіп бастаймын десе, 2,5% несие беріледі.

Өткен аптаның бейсенбісінде қалалық әкімдікте қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауындағы жүктелген міндеттер аясында актив отырысы өтті. Мәжіліске мәслихат хатшысы, депутаттар, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері мен төрағасы, мемлекеттік мекеме, құқық қорғау органдары басшылары және зиялы қауым қатысты.

Басқосуда шаһар басшысы қаламыздағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта міндеттелген қызметтер барысын баяндап, жолдаудан туындаған тапсырмаларды жүзеге асыруға жоспар құрып, тиісті сала басшыларына осы жолдау аясындағы міндеттерді түсіндіріп, жол көрсетіп, бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы өз жолдауында саяси реформалардың жаңа бағдарламасын, әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шараларды, ішкі, сыртқы саясат, қауіпсіздік мәселелерін айқындап, 5 бағытты нақтылап берді. Алда біздерге жүктелген үлкен міндеттер тұр. Қоғам болып жұмылып, елімізді жан-жақты дамыту жолында атқарар ісіміз көп, нақты жоспарларымыз да бар. Жолдауда айтылған барлық бағдар бойынша тиісті шараларды қабылдап, оны сапалы жүзеге асыруымыз керек, – деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

Қала әкімі айтып өткендей, жолдаудың 5 бағытына тоқталатын болсақ. Жолдаудың бірінші бағдары аясында жаңа экономикалық  саясатқа көшу міндеттелген. Бұл дегеніміз – экономикамызды әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағытында тұрғындарға жан-жақты көмектер көрсету. Осылайша қарапайым халықтың әлеуметтік тұрмысының жақсаруына септігін тигізетін болады. Осы тұрғыда, қала әкімі өзінің  орынбасары Ақзира Бақтыбайқызына тікелей міндеттеме жүктеді.

– Қазіргі динамикадағы жұмыссыздық деңгейін мейлінше төмендетуге күш салып, жаңа жұмыс орындарын ашудың тетіктерін ойластыру керек. Қоғамдық негізде және жастар тәжірибесі бойынша қабылданған азамат, азаматшалардың тұрақты жұмысқа орнығуына жағдай жасалуы керек. Сол секілді өз кәсібін ашуға ниетті қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар арқылы бизнесті дамытуға арналған гранттар мен пайыздық мөлшерлемесі төмен несиелердің бюрократиялық, әкімшілік кедергілерсіз берілуін қадағалауды жауапты сала басшыларына тапсырамын, – деді. 

Келесі мемлекет басшысы имфрақұрылымдарға инвестиция салуда тепе-теңдік сақтаудың мәніне ерекше тоқталып өткен болатын. Бұл тапсырмалар аясында қаламызда тұрақты жұмыстар жасалып, өз кезегінде ескі инфрақұрылымдарды жаңасына ауыстыру көзделуде. Осы бағдар бойынша қала әкімі өңіріміздегі өзекті ахуалдар барысын тілге тиек етіп, сала мамандарына қатаң тапсырмалар жүктеді. Нақтырақ айта кетсек, «Жыл басынан бері жоспарланған шараларды пысықтай отырып, соңғы 4 ай мерзімде қосымша инвестиция тарту көздерін жедел қарастыруды тапсырамын. Сонымен бірге, қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің әкімдері де шұғыл әрекет жасап, инвесторларды тартуда белсенділік танытулары қажет» деді.

 «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі» деп өз жолдауында айтып өткен мемлекет басшысы ауыл шаруашылылығына байланысты агроөнеркәсіп саласын дамытуға арналған бағдарламалар бойынша тыңғылықты жұмыс қарқынын өсіруге айрықша тоқталған болатын. Осы саладағы ахуалдың еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігіне, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға көмегін тигізетінін айта кеткен қала басшысы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы мен арнайы бөлімдерге тапсырмалар беріп, түсіндіріп өтті.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылатын жұмыстарды жандандырып, шаруашылық жетекшілерінің ұсыныс-пікірлерін зерделеп, іске асыру бойынша тиімді механизмдер ұсынуды тапсырамын, – деді.

Идеологиялық актив барысында берілген тапсырмалардан нәтижелі жауап болатынына сенімдіміз. Бұдан бөлек, жиында қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Каримова және облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тлес сөз сөйлеп, онда айтылған мәселелер мен жолдау бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

Мемлекет басшысының жолдауындағы әрбір сөз еліміздегі жастарға тікелей бағытталған десек те болады. Ең бірінші тәрбие туралы тілге тиек етіп, барлық істің басы тәрбие арқылы бастау алатынын айтып өткен болатын. Қазір дамыған заман болғандықтан әлеуметтік желілер мен жаңа технологиялардың барлығын жастар жақсы әрі тиімді пайдалана алады. Қазіргі таңда еліміздегі көптеген мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқан жобалардың барлығы осы әлеужеліден қарап, дамып жатыр. Яғни, жастардың қосар үлесі көп. Бүгінгі күні мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмалар барысында жастарды өнер, мәдениет, ғылым, спорт т.т бағдарлар бойынша дамытуды және кәсіпкерлік жолда жастардың озық екенін дәлелдеу бойынша жоспарлар құрып жатырмыз, – деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тлес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: