Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүк пойызы жолдан шықты

25.05.2020, 12:04 992

HALYQLINE.KZ Қостанай облысында жүк пойызының 23 вагоны рельстен шықты, – деп хабарлайды «Қазақстан Теміржолы Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Оқиға 24 мамыр күні сағат 14.40-та болған. Жүк пойызы Қостанай облысының Қазанбасы-Апановка және Құсмұрын-Тобол учаскесімен келе жатқанда жүргізуші локомотивтің манометріне сәйкес вагондар арасындағы ауа қысымының төмендеуіне байланысты тежегішті қолданады. Бос вагондары бар пойыз сағатына 68-70 шақырым жылдамдықпен жүрген (бұл бөлімде белгіленген жылдамдық сағатына 70 шақырымды құрайды). Локомотив бригадасы тексеру нәтижесінде 23 вагонның құлағаны, байланыс желісі мен теміржол жолының зақымданғанын анықтаған. Бүгінде апаттың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК АҚ және «Қазақстан Теміржолы Жүк тасымалы» АҚ басшылығының қатысуымен комиссия құрылды.

Фото ашық дереккөзден алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: