Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолақы құны өзгеріссіз қалды

24.08.2020, 23:21 673

HALYQLINE.KZ Бұған дейін қыркүйек айынан бастап жолақы құны қолма-қол 120, транспорттық карта арқылы 90 теңге деп бекітілген еді. Қала халқының өтінішіне құлақ асқан шаһар басшысы сараланған тариф құнын 90 теңге етіп қайта бекітті.

Құрметті қызылордалықтар!

Қоғамдық көлік жүйесін дамытып, жұмыс тиімділігін арттыру бағытында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында қоғамдық көліктің жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу жобасы қолға алынды.
Дамыған елдерде, Нұр-Сұлтан, Алматы сынды мегаполистерде бұл жүйе жолға қойылған. Халық жаңа электронды жүйеге бірден емес, келе-келе үйренді. Басқа елдер мен қалалардың тәжірибесінде жол ақысын төлеудің электронды жүйесі өз тиімділігін дәлелдеді. Бұл бастама қаламыздағы қоғамдық көлік саласына оң өзгеріс әкеліп, автопарктің жаңаруына үлес қосады. Сондықтан біз де заман талабына сай электрондық жүйеге өткеніміз абзал.
Бұған дейін хабардар еткеніміздей аймағымызда 1 қыркүйектен бастап қолма қол билет алу құны 120 теңге болып бекітілді. Бұл сараланған тариф азаматтарды көлік картасын пайдалануға ынталандыру мақсатында қойылған болатын. Алайда сіздердің өтініштеріңізді ескеріп, ұсыныстарыңызды тыңдай келе электронды немесе қолма қол төлем жасаушылар үшін де ортақ баға 90 теңге болып сақталып, өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдадық.
Әйтседе жоғарыда айтып өткенімдей электрондық төлем жүйесіне өту заман талабы. Сол себепті жол ақысын электронды төлеуге ұсынылған 8 түрлі төлем жасау тетіктері дамытылып, жүйеге ауысу 1 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен жалғаса беретін болады. Сондықтан жол ақысын төлеудің электрондық жүйесіне ауысуларыңызды сұраймыз!
Жол жүру билетіне электронды түрде төлем жасаудың тиімді тұстарына тоқталсақ:
Біріншіден, аймағымыздың бас шаһарындағы тасымалдаушылардың шынайы табысы айқындалады. Нәтижесінде бюджетке түсетін кірістерді арттырып, салық базасын ұлғайтамыз және көлеңкелі қаражат айналымы жойылады. Автобус паркінің материалдық-техникалық базасы жақсарады.
Екіншіден, қоғамдық көліктегі мәдениеттілікті қалыптастырып, тазалықты сақтаймыз. Бұл қызмет көрсету сапасының жоғарылауына өз септігін тигізеді.
Үшіншіден, электронды түрде жол ақысын төлеудің үстемдігі болашақта бағдарларды тиімді жоспарлауға ықпал жасайды.
Мұның бәрі келешекте Сырдың бас шаһары басқа да ірі қалалармен тең дәрежеде жолаушылар тасымалын сапалы деңгейге жеткізуіне жол ашпақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: