HALYQLINE.KZ Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің 77,5 пайызы жұмыспен қамтылған.
24.09.2021 жылы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі А.Махашев жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесудегі мақсат – сотталғандардың жұмыс уақытында қадағалануы, жұмыс орнындарындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі тұрғысында болды. Әділет подполковнигі Айбол Махашев «кәсіпкерлерге күнделікті әрбір сотталғандарға жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын белгілейтін нұсқаулықпен таныстырып отыру қажет екендігін айтып, сонымен қоса олардың еңбекақыларын толық және уақытылы аударылуын камтамасыз етілуі керек» деді. Жиын соңында мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А.Әмірбек жедел ахуалдың тұрақтылығы жөнінде, еңбек заңдылығының талаптарын қатаң сақтау керектігін айтты.
Қазіргі таңда 155 сотталған осы кәсіпте жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерлерде жұмыс істейтін сотталғандар есік, үй жиһаздарын, пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, машина жөндеумен, газоблок, пескаблок, кірпіш өнімдерін шығарумен айналысады.
Дана ДОСТАНОВА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!