Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа жылу электр орталығын түріктер салады

24.02.2023, 12:05 268

Аймақ бойынша жылу беру маусымы тұрақты өтуде. Облыста барлығы 1064 әлеуметтік нысан бар болса, оның ішінде 529 білім,  247 денсаулық, 288 мәдениет пен спорт орталығы және  852 орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлер толығымен жылумен қамтамасыз етілуде. Қазіргі таңда жаңа жылу электр орталығының құрылысы бойынша қаламызда қуаттылығы 240 мегаваттық электр энергиясын және 277 гигакалория жылу энергиясын беретін жаңа жылу электр орталығы салынуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов пен «Қызылорда жылу электр орталығы»  МКК директоры Усаин Медет баяндады.

2022 жылдың шілде айында Энергетика министрлігімен өткізілген аукцион жеңімпазы «Акса Энерджи» түрік компаниясымен келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта жоба-сметалық жұмыстарын әзірлеу, жерін дайындау, қондырғы өндірушілермен келісімшарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба 3 жыл ішінде іске асырылатын болады. Құрылысты аяқтау 2025 жылға жоспарлануда. Жоба құны шамамен 215 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда түрік компаниясы тарапынан жобалау жұмыстарын мамыр мен маусым айларында аяқтау көзделуде, одан кейін мемлекеттік сараптама жұмыстары жүргізіліп, 3,6 гектар құрылыс аумағы дайындалады. Геологиялық және геодезиялық инженерлік барлау жұмыстары ақпан айының соңына дейін атқарылады. Және негізгі қондырғылардың бірі 2 газотурбинаны сатып алу бойынша «Дженерал Электрик» (АҚШ) компаниясына тапсырыс беріліп, 14 ай ішінде дайындалатын болады, – деді Ерлан  Ералыұлы.

Тың жоба еліміздің Энергетика министрлігінің әрдайым бақылауында болады. Жалпы, бұл инвестор қаржысына салынатын республикамыздағы алғашқы жылу электр орталығы болмақ. Ал жылу беру маусымында бүгінде облысқа 238 мың тонна қатты отын жеткізілді. Қазіргі таңда көмір қоймаларында нақты 7,2 мың тонна көмір қоры бар. Тұрғындарға 16 700-20 мың теңге аралығында көмір сатылуда. Сонымен қатар, қала бойыншажылу жүйесіне қосылған жылу энергиясын тұтынушы 1 620 нысан бар.  Оның781-і көпқабатты тұрғын үй, 275-сі жеке тұрғын үй, 151-і әлеуметтік нысан, 83-і басқа да бюджеттік мекеме және 330-ы шаруашылық нысандар.  Бүгінде қалалық тұтынушылардың пайдаланғанжылу энергиясы бойынша дебиторлық қарызы 356 млн теңгені құрап отыр.  Сондай-ақ, ағымдағы жылу беру маусымын өз деңгейінде үздіксіз өткізу мақсатында кәсіпорында 14 авариялық топ және 16 арнайы техника жасақталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: