Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жаңа жылда әкімдікке «подарка» алып келгендер бар»

23.01.2020, 11:02 823

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес барысында облыстық агенттік төрағасы Нұрман Талқанбаев мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларына сәйкес келмейтін әрекеттерін жайып салды. Ол лауазымды тұлғалардың қызметтік автокөлігі мереке күндері сауда дүкендерінің алдында тұратындығын айтты.

– Мереке күндері мекеме басшылары мен орынбасарларының қызметтік көлігі сауда орындарының алдында тұрады. Ол жерге қызмет барысымен бармайтыны анық. Бұлай болмайды…, – деді.

Сондай-ақ, Нұрман Бақбергенұлы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әкімдікке түрлі сый-сияпат алып келген адамдарды көзбен көргендігін жеткізді.

– Кешегі Жаңа жыл мерекесінде осында (әкімдікке) «подаркалар» келе бастады. Бұл сыйлықтар неге келіп жатыр? Мен сый-сияпат ұстаған адамдардан қай мекемеге келгенін сұрап едім, айтпайды. Мұның барлығын бақылауға алып, қай басқармаға келгенін анықтау керек, – деді облыстық агенттік төрағасы.

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Тарбақов бұл бағытта жұмысты күшейтетінін хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: