Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа Қазақстан – жай ғана көз бояу мен манипуляция

11.02.2025, 8:35 97

HALYQLINE.KZ

«Мәжіліс депутаттарының ел дамуына «ескі Қазақстан» өкілдері кедергі жасап жатыр дегені өтірік. Қазір бүкіл билік президент Тоқаевтың қолында. Оның үстіне кейінгі үш жылда парламент пен мәслихаттарды қоса алғанда биліктің бүкіл сатысы Тоқаевқа адал адамдардан жасақталды. Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің экономикада әлі еншісі бар екені рас. Бірақ президенттің оларды ескермей реформа жасауға толық мүмкіндігі бар. Тек оған мүдделі емес. Назарбаевпен салыстырғанда оның ел тізгінін ұстайтын уақыты аз. Сондықтан назарын басқа мәселеге бұрып отыр. Байқасаңыздар, қазір режим күшейіп, қоғамға қысым артып, мүлікті қайта бөлу жүріп жатыр.

Жаңа Қазақстан – жай ғана көз бояу мен манипуляция. Бұл сөзді қазіргі билікті Назарбаевтан қалған жағымсыз образдан арашалап, протесттен кейін билікті тұрақтандыру үшін ойлап тапқан. Ескі авторитарлық билік концепциясын қоғамға Назарбаевсыз, жаңа формада ұсынып отыр. Демек оның еш мәні жоқ, тіпті мән іздеудің де қажеті жоқ».

Димаш  ӘЛЖАН,

саясаттанушы

(«Жас Алаш» газетіне берген пікірінен)

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: