Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін қала әкімі Нұржан Сәбитұлы жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтап, жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Мәжілісте қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Сәдуақасова биылғы жылы қаладағы 52 мектепке ағымдағы, 5 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, жаңа оқу жылында 6 560 бүлдіршіннің 1-сыныпқа қабылданатындығын хабарлады.
Қала әкімі Нұржан Сәбитұлы тиісті сала басшыларына білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының жаңа оқу жылына дейін мерзімінде және сапалы орындауын тапсырды. Сонымен қатар, мектептер жанындағы жол қауіпсіздігін ерекше бақылауға алып, «Мектепке жол» акциясын жоғары деңгейде ұйымдастыруды жүктеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!