Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа конституция жобасы талқыланды

05.02.2026, 16:10 54

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Тұрсынұлының төрағалығымен ағымдағы жылдың 3 ақпан күні «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған жиын өтті.


Жиынға «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғалымдары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарөндірушілер мен сала өкілдері қатысты. Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары, Ата Заң жобасына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді.


Талқылау кезінде жаңа Конституция жобасының адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, әділеттілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласына қатысты құқықтық нормалардың маңызына ерекше назар аударылды.


Жиынға қатысушылар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, ел болашағы үшін маңызды бұл құжатты жалпыұлттық деңгейде талқылаудың өзектілігін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: