Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш кентіндегі жаңа өзгерістер

03.04.2023, 9:45 189

HALYQLINE.KZ Руханият орталығында аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы кент тұрғындарына 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы міндеттерге тоқталды.

Аудан әкімінің халық алдындағы есебіне сәйкес 2023 жылы Жалағаш кентінде жалпы құны 643,6 млн теңгеге М.Шәменов, І.Нұркенов, И.Панфилов, Мысық би, А.Бектібаев көшелеріне күрделі жөндеу өткізіліп, ПМК-09 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қосымша 7 көшені күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттар дайындалды.

Жаңадан ашылған «Ақтерек» учаскесінде инженерлік инфрақұрылымның сумен жабдықтау жүйесі құрылысына республикалық бюджеттен 73,2 млн теңге бөлінсе, газбен жабдықтау жүйесінің құрылысына 618,6 млн теңге бөлінді. Жаңа учаскенің су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысы жобалары да назардан тыс қалмай 21,4 млн теңгеге қоса қаржыландырылды. Қазіргі таңда «Ақтерек» учаскесіннің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының (тас жолдар) жұмыс жобасына және электрмен жабдықтаудың 2 кезеңіне ЖСҚ жасалды.

Аудан әкімі кент орталығындағы мекемелерді газге көшіру арқылы көп қаражат үнемдеп, кенттің дамуына жұмсауға болатынын айтты. Осыған сәйкес «Наркескен» спорт клубы мен аудандық кітапхананың жылу қазандығын газ отынына ауыстыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 35,4 млн теңге қаржы қаралды. Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен Жалағаш кенті әкімі аппаратының ғимаратын газ отынына ауыстыруға ЖСҚ әзірленді.

Тұрғындарға қолайлы тұрғын үй мәселесі қазіргі таңда өзекті. Осыған орай Жалағаш кентінің «Дәуімбай» учаскесінде салынатын бір пәтерлі 3 бөлмелі арендалық 20 тұрғын үйлердің құрылысын(қосымша құрылыстарсыз) салуға жоба сметалық құжаттар дайындалды.

Кенттегі көп қабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жасау мақсатында Үркімбаев №1, №2 мекен-жайындағы көп қабатты үйлерге жоба сметалық құжаттар жасалып, қаржы қаралуда.

Дәуімбай учаскесі мен Жалағаш кенті аралығындағы темір жол өткелі мәселесі оң шешім тапты. Жалпы құны 184,9 млн. теңгеге 2023 жылы Сәуір айында жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы басталады.

Тоқсандық қорытындыға тыңдалым жасаған тұрғындар сауал жолдау барысында кент ішіндегі санитарлық тазалық жұмыстарының жүзгізілу барысы, абаттандыру жұмыстарын күшейту, аяқ су мәселесін шешу туралы ұсыныстар жасады.

Аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы халықтың сұранысына қарай кент орталығын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 6 насос алынғанын, абаттандыру жұмыстары барысында адам өмірінің қауіпсіздігін сақтауды негізге ала отырып, көлік қозғалысы көп көше қиылыстарына 4 бағдаршам орнатылатынын және барлық білім беру ұйымдарының алдына жасанды жол кедергілері қойылатынын айтты.

Аз уақыттың ішінде түйіні шешілген ауқымды істердің куәгері болған кент тұрғындары аудан әкімінің жұмысына жоғары баға берді. Жалағаш ауданының әлеуметтік және экономикалық дамуы жолында аянбайтын басшылық құрамның жүйелі жұмыстарына тілекші болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: