Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Заңды тұлғаны түсіне алмай әлек болды»: вице-министр депутаттың қазақша сұрағын түсінбей қалды

08.04.2026, 16:00 63

Мәжіліс отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаев депутат Нұртай Сабильяновтың қазақ тілінде қойған сұрағын толық түсінбей қалғаны назар аудартты. Осы сәтте депутат вице-министрдің жауабына көңілі толмай, сын айтты.

Отырыста Нұртай Сабильянов вице-министрдің «заңды тұлға» мен «жеке тұлға» ұғымдарының аражігін ажырата алмай қиналғанын меңзеп, бұл мәселені дұрыстап түсініп алу керектігін атап өтті.

«Заңды тұлға мен жеке тұлғаның кім екенін білмей отыр. Аударма бар. Соны дұрыстап ұғып алу керек қой», – деді депутат.

Жиын барысында вице-министрдің «заңды тұлға» және «жеке тұлға» деген терминдерді нақты ажырата түсінуде тосылып қалғаны байқалды. Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының да назарын аударып, мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың ресми терминологияны, әсіресе мемлекеттік тілдегі құқықтық ұғымдарды еркін меңгеруі жөніндегі мәселені қайта көтерді.

Мұндай жайттар Парламент қабырғасында қойылатын сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауап беру ғана емес, мемлекеттік тілде еркін жұмыс істей алу талаптарының да маңызды екенін көрсетеді.

Фото: Интернеттегі суреттер негізінде ЖИ жасаған

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: