Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Владимир Путин Астанаға келді

03.07.2024, 9:15 292

HALYQLINE.KZ

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. 

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд болды. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд-қа жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: