Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

21.12.2023, 17:03 497

Ағымдағы жылғы 19 желтоқсанда Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Кеңеске Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Е.А.Мақажанов, облыстық мәслихат төрағасы Н.С.Байқадамов, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, сондай-ақ онлайн режимде қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.

Отырыста ағымдағы жылғы қыркүйек айында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері айтылды.

Жүргізілген талдау өңірдің денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық жабдықтарды сатып алуы кезінде жүйелі жоспарлаудың жоқтығын көрсетті.

Мысалы, жүргізілген талдау шеңберінде білікті персоналдың, қажетті қосалқы бөлшектердің болмауы және уақтылы сервистік қызмет көрсетпеу себептері бойынша ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жабдықтар мен жүйелерді сатып алу фактілері анықталды.

Одан бөлек, бір көзден сатып алуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу лоттарын бірнеше бөлікке бөлу фактілері бар.

Аталған жағдайлардың барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына негіз болды.

Сонымен қатар, өңірлік Антикор басшының бірінші орынбасары А.А.Ашиков өз баяндамасында медициналық персоналға еңбек ақы төлеу қоры саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы атап өтті.

Мысалы, талдау нәтижелері медициналық мекемелердің қызметкерлеріне қосымша үстемақы есептеу процедурасында тәуекелдер бар екенін куәландырады.

Заңнама талаптарын бұза отырып, медициналық мекемелердің әкімшілік-шаруашылық персоналы зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларымен жұмыс істегені үшін негізсіз қосымша үстемеақы алған.

Департамент енгізген ұсынымдар негізінде облыстың 17 денсаулық сақтау мекемесінің басшыларына қатысты ротация жүргізілгенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, кеңес барысында құрылысы сыни тұрғыдан созбалаңға салынған өңірдің проблемалық нысандары айтылды.

Осыған байланысты, өңірлік Антикор мен облыс әкімдігі бұзушылықтарды жою және олардың құрылысын аяқтау жөнінде шаралар қабылдау жөніндегі бірлескен жоспарға қол қойған.

Оларды тиімді сүйемелдеу мақсатында осы жұмысты жобалық тәсіл арқылы ұйымдастыру ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі Департамент басшысының көтерілген мәселелер бойынша ұсынымдарын қолдап, қалалар мен аудандардың әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жіберілген бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, ол барлық іс-әрекеттерде Заңның қатаң сақталуын және алдын алу шараларына назар аудара отырып, әділдік, адалдық және ашықтық принциптерін ұстану керек екенін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: