Апта басында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар министрмен кездесті. Басқосу барысында аймақтың перспективалық жобаларын қарауға ұсынды, даму жолдарын саралады. Атап айтқанда, өңірдің инфрақұрылымын дамыту, Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту және білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы ҚР Премьер-Министрі, Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, ҚР Мемлекеттік кеңесшісімен кездесіп, Үкіметте Қызылорда өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, жақын арада Қызылорда облысының дамуы мен негізгі міндеттері арнайы Үкімет отырысында қаралмақ. Аймақ басшысы өңірдің өзекті мәселелері мен іске асырылатын жобаларды баяндап, алдағы уақытта қойылған міндеттерді пысықтады. Басқосуларда Нұрлыбек Нәлібаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыру барысын таныстырып, облыс үшін маңызды жобаларды ұсынып, қолдау көрсетуді сұрады.
Әрі қарай облыс әкімі Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданында актив отырыстарын өткізіп, бірқатар кадрлық тағайындау жасады. Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқарма мен өңірлік Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшылары таныстырылып, Қармақшы ауданының әкімі тағайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!