Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкімет отырысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері қаралды

15.06.2022, 10:45 360

HALYQLINE.KZ Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында еліміздің биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды.

ҚР Ұлттық экономика, Қаржы министрлері мен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы баяндама жасады.

Премьер-Министр экономиканың нақты секторының қарқынды дамуына өңдеу өнеркәсібі айтарлықтай үлес қосатынын жеткізіп, жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдеріне осы жұмыс қарқынын сақтауды тапсырды. Ол үшін экономиканы әртараптандыру, инвестициялар тарту және жаңа  жұмыс орындарын құруды жалғастыру қажет.

Үкімет жиынынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына негізгі көрсеткіштердегі түсімдерді төмендетпеу және бюджет қаражатын уақытылы игеру, инвестициялық жобаларды көбейту қажет екенін алға тартып,  жұмыс қарқынын төмендетпей, межеленген көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: