ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мемлекет басшысының жарлығын іске асыруға бағытталған Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітіп, тиісті қаулыға қол қойды.
Құжатта ауыл тұрғындарының 90%-ы өмір сүріп жатқан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді кешенді жаңғыртуға баса назар аударылған.
Негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Оның ішінде:
– Елді мекендерді 100 пайыз ауызсумен қамту;
– 97 пайыз интернетпен қамту;
– Жағдайы жақсы тас жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, 655 денсаулық сақтау нысаны,183 мектеп, 100 спорт ғимараты, 650 мәдени нысан салынып, жөндеуден өткізіледі.
Ауылдағы жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайызға төмендейді.
Табысы ең төменге күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесі 5,8 пайызға төмендейді.
Бұл жоспарда полиция пункттерін салу, орталықтарда бейнебақылау орнату, жаяу жүргіншілер мен мал айдау жолақтарын белгілеу, шомылуға рұқсат етілген жерлерді жабдықтау көзделген.
Шекара маңындағы аудандарға ерекше серпін беру, елді-мекендердегі топырақ құнарын жақсарту, ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға бақылауды күшейту, жаңа суармалы учаскелерді айналымға енгізу, су қоймаларын реконструкциялау және салу, өнімділікті арттыру, дәнді-дақылдарды әртараптандыру секілді жүйелі шаралар жасалады.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында жеке қосалқы шаруашылықтарға жылдық 2,5% пайызбен шағын несие беру қарастырылған.
halyqline.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!