Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындар жеке мәселелерін қозғады

27.01.2021, 9:30 1146

HALYQLINE.KZ Кеше қала әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Онлайн қабылдауда өздерінің өзекті мәселелерін қозғаған тұрғындар үй, жер және т.б. коммуналдық салаға байланысты сауалдарын қойды.

Баспана жайын сұрай келген тұрғындарға тұрғын үй кезек ретімен, заңдылыққа сәйкес табысталатындығын айтқан Елмұрат Нұрмаханбетұлы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алған азаматтардың пайдалану мерзімін ұзарту заң шеңберінде шешілетіндігін атап өтті. Жер жайын сұраған тұрғындар мәселесін жедел шешілуін жауаптыларға тапсырып, тапсырманың орындалу барысы өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Айта кетейік, қала әкімінің есеп беру кездесуі алдында шаһар басшысының орынбасарлары аптасына 3 күн азаматтарды қабылдап, тұрғындарды толғандырған проблемалық сауалдарын тыңдап, олардың шешілуін назарға алуда. Әкімдікке мәселесін айтып, мұқтаждығы бойынша жүгінгісі келетін азаматтарды қабылдау онлайн түрде жүргізіледі.

Әр аптаның сейсенбісінде тұрғындарды Елмұрат Рахматуллаев қабылдаса, сәрсенбі күндері азаматтар жеке мәселелерімен Асқарбек Есжановқа жүгіне алады. Бейсенбі күні Бектас Нұридинов қабылдайды. 8 (7242) 27 00 81 нөмірі арқылы қабылдауға алдын ала жазылуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: