Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

10.04.2025, 21:00 479

Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Бірлескен отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 7 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының есебі туралы» мәселе бойынша басқарма басшысының міндетін атқарушы Ж. Даулетбаева қысқаша баяндама жасады.
Бірлескен отырыстың күн тәртібіндегі «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың №130 шешіміне енетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ф.Аббасова хабарлама жасады. Хабарламадан соң, депутаттар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаты Б.Шәменова және тиісті басқарма басшылары тарапынан жан-жақты, нақты әрі егжей-тегжейлі жауаптар берілді.
Одан бөлек, күн тәртібіндегі «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының есебі туралы»; «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбелерін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы»; «Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы»; «Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы»; «Қызылорда облыстық мәслихатының Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы» мәселелер талқыланды.

Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған 7 мәселенің шешім жобасын сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан қаулы қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: