Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістан облысы делегаттары Қазалы ауданында

22.02.2025, 12:20 60

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Қазақстан Журналистер Академиясының академигі, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» телеарнасының директоры Дулат Әбіш бастаған делегация аудандық мәдениет Орталығында қонақта болды.

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Келбеті келісті келешегі кемел – Қазалы» атты тақырыпта кітап көрмесі таныстырылды.

Қазалы аудандық тарихи-өлкетанау музейінің қорында сақталған өңірлік археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған тарихи жәдігерлерден көрме таныстырылды.

Мақсаты: Қазалы ауданының құрылу тарихы мен өткеніміздің өрнекті де көрнекті тұстарын, өңіріміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-ақ әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.

“Мырза» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі және аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары өнерлерін ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: